Әлеуметтік желілерде тараған аудиохабарламада беймәлім ер адам "баклажкамен су жинауға" кеңес береді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- МАЭК-тегі ЗПД құрылғысының тағы бір батареясы істен шықты, сондықтан жуық арада қалаға ауыз су берілмеу мүмкіндігі жоғары. Көкеме тапсырма беріп, дүкендерден ауыз суды көбірек сатып алыңыздар, - делінген дауыстық хабарламада.
"МАЭК" ЖШС бұл хабарламаны "жалған" деп атады.
- Ауыз судан ажыратылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Тұшыту қондырғылары жұмыс істеп тұр. Резервуарлар толып жатыр, жылу желілерінен судың көп мөлшерде шығынының себептері анықталып жатыр, - деді "МАЭК" ЖШС пайдалану және жөндеу департаментінің директоры Аян Үйкекбаев.